Пользовательское соглашение

Пайдаланушы келісімі

Осымен, мен, өз еркіммен және өз мүддеммен әрекет ете отырып, жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ШАНС ЖШС (БСН 960 440 000 332 ,бұдан әрі – Оператор) интернет-сайтында өзімнің дербес деректерімді орналастыру (енгізу) кезінде маған Оператор ұсынатын қызметтерді, жаңа қызметтерді ұсыну мақсатында, Оператор көрсететін қызметтерге қатысты сұраулар, сауалнамалар, жарнамалық және маркетингтік зерттеулер жүргізу, оның ішінде осы сайтта көрсеткен байланыс құралдары арқылы менімен тікелей байланысты жүзеге асыру мақсатында Операторға мен көрсеткен дербес деректерді өңдеуге келісім бергенімді растаймын. Осы құқық (келісім) жоғарыда аталған мақсаттарға жету үшін қажетті және қалаулы осы сайтта мен көрсеткен менің дербес деректерім деп түсінілетін барлық деректерге қатысты кез келген әрекеттерді, соның ішінде, шектеусіз барлық деректерді жинауды, жүйелеуді, жинақтауды, сақтауды, нақтылауды (жаңартуды, өзгертуді), пайдалануды, беруді, иесіздендіруді, бұғаттауды және жоюды  жүзеге асыру үшін  беріледі.

Осымен, Оператор дербес деректерді өңдеуді автоматтандыру құралдарын (соның ішінде бағдарламалық жасақтама) қолданып және қолданбай (әртүрлі материалдық тасымалдаушыларды, соның ішінде қағаз тасымалдағыштарды) пайдалануды қоса алғанда, кез келген тәсілмен жүзеге асырылатыны туралы хабарлама алғанымды растаймын.